Сайрам - сүтті аудан

Jan 3, 2025 - 19:20
 2
Сайрам - сүтті аудан

Бүгінгі таңда жүн, сүт және ет өндірісінде Түркістан облысы елімізде көш бастап тұр.  Сүт және сүт өнімдерін өндіру көлемін одан әрі ұлғайту үшін облыста тауарлы-сүт фермаларын салу және қайта жаңарту арқылы қуаттылығын ұлғайту, қосымша сүт қабылдау пунктерін құру және тұрғындардан сүт сатып алу көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасады. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнім¬дері, оның ішінде сүт өңдеу саласы мемлекет тарапынан қолдауға ие. Яғни сүт өнімдерін өндіретін, сапалы отан¬дық өнім ұсына алатын кәсіпорындар қатары артып келеді. Солардың арасында Сайрам ауданында  тұтынушыларының ерекше ықыласына бөленіп, табиғи әрі құнарлы тағамдарымен қамтамасыз етіп отырған кә¬сіпорындар баршылық. Мамандардың дерегіне сүйенсек ауданда 30 дан аса сүт өңдеу кәсіпорындары жұмыс істеп тұр. 

Солардың бірі Қарамұрт ауылында Қазақстанға танымал «Озай Зеки» ЖШС жұмыс жасауда. Кәсіпорын 2013 жылы іске қосылған. Жоба авторлары түркиялық ағайынды Эмин, Эмрах пен Эмре есімді азаматтар. Олар әр түрлі сүт өнімдерін өндіріп, сонымен қатар көптеген ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Әкелерінен үйренген ірімшік дайындау өнерін мекеме басшылары өзгелерге де үйретіп, өз зауыттарының өнімін көпке танымал етіп үлгерген. Ірішіктен бөлек «Үш Эм» брэендімен қаймақ, сүзбе, май секілді өнімдерін де өндіріп отыр.  Кәсіпорнында тәулігіне 6 тонна сүт өнімдері нарыққа шығып отырады.  Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жеке қаржысына және «Бизнестік жол картасы 2020» бағдарламасымен біріге отырып ашылған. Жоба қуаттылығы қазіргі таңда тәулігіне 50 тоннаны құрайды. Шикізатты аудандағы шаруа қожалықтарынан алуының арқасында табиғи өнімді ғана пайдаланып, халықта таза, әрі сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді. Өнімнің өткізу нарығы ішкі нарық. Бүгінгі таңдағы жұмысшылар саны 15 адам. 

Сондай-ақ,    Ақбұлақ ауылындағы «ШИШ К» ЖШС-де алты тонна сүт өнімдерін өндіріп отыр.  Ал Манкент ауылында «Рассвет» өндірістік кооперативі тәулігіне 5,4 тонна, Көлкент ауылындағы жеке кәсіпкер З.Райымкулов күніне 6 тонна сүт өңдеп келеді. Жалпы Сайрам ауданының шаруа қожалықтары 120 мың тоннадан астам сүт шығаруда. Оның 5-7 пайызы қаймақ және балмұздақ өндіруге жұмсалады. Аталған кәсіпорындар экологиялық таза, қоспасыз өнім шығарып келеді.

Сайрамда сонымен қатар, Қарасу ауылдық округі  Қарасу ауылында орналасқан «Балғын сүт» ЖШС тәулігіне 5 тонна сүт өңдеп, ішкі нарықты қамтамасыз етіп отыр. Сүт өнімдері ағзаны қажетті дәрумендермен, минералдармен қамтамасыз етуде адам рационында маңызды рөл атқарады. Олар сүйектерді нығайтуға, асты қорытуға, жалпы денсаулықты жақсартуға көмектеседі. Міне, осындай сүттің пайдалы құрамын сақтай отырып өнім өндіретін зауыттың тауарларына тұтынушылар тарапынан сұраныс күшейген. 

Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі ақ екені бәрімізге белгілі. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған.

Сүт тағамдарынан қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, қатық, айран, уыз, май, сүзбе тағы басқаларын күнделікті пайдаланамыз. Бұлардың барлығының да адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Сүт – басқа ешқандай азық- түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 пайызы сіңеді. Сондай- ақ сүт амин қышқылдарының, макро және микроэлементтерінің, витаминдерінің таптырмайтын көзі. Сүт және оның өнімдерінің құрамында жеңіл сіңетін құраушылар бар. Олар бізге кальцийді, дәрумендерді (A, B2, B1, E, D, C), сондай-ақ көптеген басқа қоректік құндылықтарды жеткізеді. Сүттің жоғары коректік қасиеттерін келесі деректерге қарап білуге болады: бір литр сүт құрамындағы белок мөлшері – 150 г., ол сиыр еті, немесе тауықтың 5 жұмыртқасы, немесе 1 кг. нан құрамындағы белоққа тең. Сүттің жарты литрі адамның амин қышқылдарына деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады, ал сүттің бір литрі адамның май, кальций, фосфор, рибофлавинге қажеттілігін толық, белоққа қажеттілігін жартылай, ал аскорбин қышқылы, ретинол, тиаминге қажеттілігінің1/3 бөлігін қамтамасыз етеді екен.

Сүттің тағы бір қасиеті – түрлі азық- түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Јйткені сүт организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, белок, көмірсу, минералды тұздар, тағы басқалармен бірлесе, үндесе отырып, осы коректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады.

Сүт – мал баққан қазақ жанұясының негізгі тағамы. Сүттен қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді.

Қай түліктің болса да соңғы иіндісі, соның ішінде қойдың жебе сауған сүті қою, әрі майлы, жұғымдылығы да жақсы келеді. Мұны қазақ шаруалары ғасырлар бойғы бай тәжірибелерінен жақсы біледі.

Көк сүт - қаймағы алынған нәрі аз сүт. Қатырылған сүт- мұздатып ұзақ сақтайтын сүт. Майлы сүт -қаймақтан сары май айырғанда іркіліп шығатын қышқыл сут. Оны кейде сол күйі сусын ретінде ішкен, кейде қайнатып ақірімшік жасаған. Шайқалған майды шынылау үшін суық суға салып сығымдаған, одан қалған сүтті май сүтінің шалабы деп, кей жерлерде май шалап деп атаған. Қатық – көбінесе қойдың, ешкі мен сиырдың қаймағы алынбаған сүтінен ұйытқан аса қою айран. Сүзбе – жақсы ұйыған қатықты қапқа салып асып қойып, сорғытып сүзеді. 

Айран – қой, сиыр сүтінен әзірленеді. Қатыққа қарағанда сұйық болады. Айран- шөл басуға таптырмайтын сусын. Айран мен қатықты қазақ халқы сүт, су қосып, сұйылтып та ішеді. Сүт қосылғанын қойыртпақ, су қосылғанын шалап деп атайды. Ұйытылған айран – әрі тамақ, әрі сусын, әрі адам денсаулығына пайдалы. Мысалы, гипертонияға шалдыққандар күніне 2 рет тамақ ішкеннен кейін жарты сағат өткенде 1 кесе айранды асықпай, баптап ішетін болса, бірнеше күннен кейін қан қысымы төмендеп, өзін жақсы сезінетін болады. Сондай-ақ ұйқы қашқанда жатар алдында 1-1,5 кесе жылы айран ішсе, оның жақсы ұйықтап шығуға әсері мол. Тағы бір жайт, айранның гастрит ауруына да пайдалы екендігі, әсіресе асқазан қышқылының аз болғандығынан пайда болған гастритте.

Салауатты тамақтануға арналған сүт өнімдері Күніне кем дегенде 2 толық стакан сүтті немесе сонша айран немесе йогурты, сондай-ақ 1-2 тілім сырды қолдануға кеңес беріледі. Сүтті тек таңғы аста ішуге ғана емес, сонымен бірге оны шөлді қандыру үшін, күні бойы қолдануға болады.

Ал Қайнарбұлақ ауыл округінде орналасқан «Юг Фуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – сүт өңдейтін зауыты  замануи технологиялар арқылы халықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорын  «Юг Фуд» сауда маркасымен ірімшік өндіреді. Жобаның , құны – 100,0 миллион теңгені құрайды. 

Аудандағы танымал «Сайрам сүт» ЖШС  еліміздегі Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында өндіріс көлемін ұлғайтқан.  Жеңілдетілген қаржыға Ресейден қондырғы алып, оның көмегімен 25 түрлі өнім шығарып жатыр. Зауыт облыстағы ішкі нарықтың 30 пайызын қамтамасыз етеді.

 Дайын өнімдер Шымкент, Түркістан, Кентау қалалары мен Сарыағаш, Төле би аудандарына сатылады. Сайрамның сүті мен айранын, майлы қаймағы мен құртын көрші облыстардағы дүкен сөрелерінен де көруге болады. Өндіріске қажетті сүт осы маңдағы фермерлер мен жеке малшылардан қабылданады. Алдымен оны залалсыздандырып, сосын барып өңделеді. Бастысы, кәсіпорын экологиялық таза, қоспасыз өнім шығаруды қолға алған. Жаңа технологияның артықшылығы, сүтті ірітпейді, ешқандай қоспа қосылмайды. Қазір 25 түрлі өнім шығаратын кәсіпорынның өнімдеріне деген сұраныс та артқан. 

Сайрам ауданында 2023 жылдың қыркүйек айында жеміс-көкөністі өңдеу зауыт іске қосылған болатын. Өндіріс орнында Туркиядан заманауи құрал-жабдықтар әкелініп, орнатылуда. Зауыт томат пастасы, кетчуп, жеміс шырынын шығарады. 

Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін және көкөніс сақтайтын қойма  бар. «Бірлік-4» ЖШС деп аталады.  Зауыт басшысы қайта өңдеу зауытын кеңейту мақсатында төмен пайызбен ұзақ мерзімге несие, 5 миллиард теңге қаражат алуды жоспарлауда. Жоба жүзеге асса қосымша 500-600 жұмыс орны ашылады.

Зауытта ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын сыйымдылығы 16 мың тонна 5 қойма бар. Аталған зауыт кәсіпкердің жеке және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырған.

 Сайрам ауданындағы сүт өңдейтін зауыттар  жылына 22 мың тонна сүт өндіреді. Одан бөлек, ірімшік, құрт, май, айран, қаймақ сияқты сүт өнімдерін шығарып, көрші облыстарға жеткізеді. Сонымен қатар жақында ұнтақ сүт шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Манкент ауылдық округіне қарасты Аққала елді мекенінде орналасқан сүт фермасы 2016 жылы ашылған. Қазір мұнда 146 бас сүтті сиыр бар. Оның 66-сы жергілікті тұқым болса, қалған 80-ні шетелден әкелінген. Ферма басшысының айтуынша, жақында мұнда түркиядан сиыр сауатын жаңа технология жеткізілген. Бір мезетте 8 сиыр сауылады. Кәсіпкер алдағы уақытта сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.

Сүт фермасының тағы бір ерекшелігі – мұнда жаңа туған бұзаулар енесін мүлде ембейді. Бірден басқа орынға жайғастырылып, сүт қолдан беріледі. Еркек бұзаулар бордақыланса, аналықтары сүтті сиырлардың қатырын көбейтеді. Мамандар мұнда күніне 4 тоннадан астам сүт өндірілетінін айтады. «Сүт өнімін шығаратын зауыттар оның литрін 250 теңгеден сатып алып кетеді», – дейді.

Сондай-ақ аудандағы Ақсу ауылында құрғақ сүт өнімі шығарыла бастады. Жақында кәсіпорын дайын өнімді мемлекеттік стандартқа өткізіп, сәйкестендіру сертификатын алған. Мұнда жылына құны 468 млн теңге болатын 900 тонна құрғақ сүт өнімі шығарылады. Зауыт алдағы уақытта дайын өнімді Өзбекстан мен Қырғызстанға экспорттауды жоспарлап отыр.

Жалпы Түркістан облысында 200-ден астам сүт фермасы мен оны қайта өңдейтін 15 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар жылына өндірілетін 50 мың тонна сүттен 17 мың тонна түрлі сүт өнімдерін шығарады.