Санкциядан қашқан Ресейлік компаниялар Қазақстанға көшіп жатыр

Jan 8, 2025 - 00:30
 1
Санкциядан қашқан Ресейлік компаниялар Қазақстанға көшіп жатыр

Биыл мамыр айының соңына қарай Қазақстанда жұмыс істеп тұрған шетелдік кәсіпорындардың саны жыл басынан бері 12,7%-ға өсіп, 25 мыңға жеткен. Ал Ресейдің қатысумен 13 мыңнан астам кәсіпорын тіркелген. 

Әсіресе, шетелдік компаниялардың өсуі 2022 жылдың наурызында басталған. Наурызда өсім 3,3%, сәуірде 4%, мамырда 4% болды. Бұл – кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Мәселен, 2021 жылы шетелдік компаниялар санының орташа айлық өсу қарқыны небәрі 1,1% еді.

Басылымның болжамы бойынша, геосаяси дағдарысқа байланысты болашақта ресейлік компаниялардың ағыны одан әрі жалғасады.

Дереккөз: Finprom.kz