Самат Әбішке қатысты тергеп-тексеру жүріп жатыр-Бас прокуратура

Jan 8, 2025 - 13:52
 1
Самат Әбішке қатысты тергеп-тексеру жүріп жатыр-Бас прокуратура

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды», - деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.