Румыния президенті болып Клаус Йоханнис қайта сайланды

Jan 6, 2025 - 12:40
 5
Румыния президенті болып Клаус Йоханнис қайта сайланды

Румынияның қазіргі президенті Клаус Йоханнис мемлекет басшысы сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетті. Экзит-полл мәліметінше, оған сайлаушылардың үштен екі бөлігі дауыс берген. Жексенбі күні өткен сайлауға дауыс беруге қатысқандар саны 50%-ға да жеткен жоқ, деп хабарлады Еuronews.com

Осылайша, Йоханнис екінші рет бес жыл мерзімге сайланды. 

«Румындар заманауи мемлекетті, еуропалық Румынияны таңдады», - деп мәлімдеді ол. 

Президент дауыс берудің алдында елді 30 жыл бойы басқарған социал-демократтардың билік етуін тоқтатуға шақырды. Йоханнис оларды «Румынияны еуропалық жолдан тайдыруға» ұмтылып жатыр деп айыптады. 

Мемлекет басшысының екінші кезеңдегі қарсыласы, экс-премьер Виорика Дэнчилэ «құқықтар мен бостандықтар болмаған кезде және барлық билік бір адамның қолында болған» уақытқа қайта оралуға қарсы дауыс бергенін атап өтті.