Президент бірқатар шенеуніктерді қызметінен босатты

Jan 7, 2025 - 15:37
 1
Президент бірқатар шенеуніктерді қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар шенеутіктерді қызметінен босатты.

"Туындаған қиындықтарға байланысты кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту үшін тергеу жүргізу керек. ММСҚ (әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры. - ЕСК.) және "СҚ-Фармация" басшыларын қызметтен босатып, тергеу жүргізу керек", - делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында Антикоррупция "СҚ-Фармация" қызметіне қатысты тексеріс бастаған болатын. Тексерісті Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, СҚ-Фармацияның қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүргізетіні айтылған еді.