Премьер-министр әйелдердің зейнет жасын түсіруге келіспейтінін айтты

Jan 8, 2025 - 00:33
 1
Премьер-министр әйелдердің зейнет жасын түсіруге келіспейтінін айтты

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа жауап берді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін Үкімет басшысына депутаттар жүгінген. Олар әйелдер үшін зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін қысқартуды сұрады. Премьер-министр бұл салым мөлшерінің азаюына әкелетінін түсіндіріп, келіспеді. Сонымен қатар, өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты зейнеткерлік жасты арттыру үдерісі көп елде, соның ішінде көршілес Әзербайжан, Армения, Ресей және Беларусьте байқалады.