Пармановтың жалақысы 680 мың теңге

Jan 7, 2025 - 16:11
 1

Шымкент қаласында «Жемқорлық бізге жат» акциясы аясында мемлекеттік орган басшылары мегаполис тұрғындарына қанша айлық алатындарын жариялады.  

Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов 680 мың теңге алатындығын хабарласа, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 550 мың теңгені құрайтындығын жеткізді.

Ал,қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов 546 мың, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының м.а. Төрехан Дауытов 246 мың, Әл-Фараби ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бағдаулет Ашенов 153 мың, Көркем гимнастикадан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Әлия Жүсіпова 250 мың,   Диагностикалық орталығының директоры Шолпан Мырзахметова 330 мың, №1 қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Талғат Шауенов 200 мың, «Дарын» орталығының директоры 210 мың теңге алатындығын жариялады.