Орта ғасырларда шаштаразшылар дәрігердің міндетін атқарған

Jan 19, 2025 - 12:46
 5
Орта ғасырларда шаштаразшылар дәрігердің міндетін атқарған

Орта ғасырда Еуропада дәрігерлердің операция жасауға құқығы болмапты. Олардың тіпті ем-шара жүргізуге, рецепт жазуға да рұқсаты болмаған екен. Ақ халаттылардың міндетін шаштаразшылар атқарған.

Тек ІІ Георг екі мамандықтың ара-жігін айыру үшін 1745 жылы Лондон хиругтар колледжін ашады. Оқу орнының ашылуы хирургтардың мәртебесін қайта асқақтатып, шаштаразшыларды орнына қойғандай  болды.