Нұр-Сұлтанда жол апатынан 22 адам жапа шекті

Нұр-Сұлтанда жеңіл автокөлік жүргізушісі қоғамдық көлікті соғып кеткен деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған  Oinet.kz

Dec 29, 2024 - 18:09
 1
Нұр-Сұлтанда жол апатынан 22 адам жапа шекті

Нұр-Сұлтанда жеңіл автокөлік жүргізушісі қоғамдық көлікті соғып кеткен деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған  Oinet.kz

"23 қыркүйек күні шамамен сағат 15.00-де «Хова» маркалы автокөлікті тізгіндеген 1997 жылғы жүргізуші А-187 көшесімен Байырқұм көшесі жағынан келе жатып, Мұстафа Кемаль көшесінің қиылысында көлікті өткізбей №64 бағдарда қатынайтын автобуспен соқтығысқан", – делінген департамент хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі мен жолаушылары жапа шеккен. 22 жолаушы қалалық ауруханаға жүгінген. Олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.