Назарбаев: «Отбасы құру салтанатты сарай салудан да қиын»

Dec 30, 2024 - 12:48
 31
Назарбаев: «Отбасы құру салтанатты сарай салудан да қиын»

- Еуропаның өзінде әрбір екінші, ал қазіргі заманғы Қазақстанда әрбір үшінші неке бұзылады. Ажырасулардың 45 пайызына жұбайлардың жауапкершілікке дайын болмауы себеп. Шығыс билеушілері кезінде лайықты отбасы құру салтанатты сарай салудан да қиын деп айтқан екен. Бұл құрылыс ешқашан таусылмақ емес және екі тарапқа да байланысты. Сенімен қосылып, бұл өмірдің барлық қиындықтарын бірге өтемін дейтіндердің сөздерін байыппен қабылдау қажет. Сенің шашың әдемі дегендерге емес. Өте танымал актриса Фаина Раневская: «Қалай десек те біз еркектерден ақылдымыз. Біз еркектерді аяғына қарап таңдамаймыз», деген екен», - деді президент Нұрсұлтан Назарбаев кешегі күні Ақордада Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен өткен «Көктем шуағы» атты кездесу барысында.

Президенттің құттықтауын алғандардың қатарында  Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева, ғалым-микробиолог Әлия Ерназарова, Универсиада-2017 чемпионы Анна Шевченко, Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова және басқалар болды. 

What's Your Reaction?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow