Министр: Арамызда жемқорлар бар. Біз оларды тазалаймыз
Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Павлодар халықына есеп беру кездесуінде айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ауруын жасырған өледі» дейді ғой. Сондықтан біз кемшіліктер бар екенін жасырмаймыз. Арамызда құқық бұзушылықтар да болды. Қылмыс жасағандар да болы. Біздің арамызда жемқорлар да бар. Бірақ олармен тыңғылықты күрес жарияладық. Жасырмаймыз. Павлодар облысында жетекшілер деңгейінде де жемқорлар болды. Жақында департамент басшысының орынбасары ұсталды. Бұрынғы департамент басшысы іздеуде жүр. Мұндайларды жасырмау керек. Біз оның қайталанбауын қамтамасыз етуіміз керек. Ішкі тазалық керек", - деді ол.