Мимикалық әжім бойынша адамның мінезін таны
Уақыт өте біз, әлбетте, қартаямыз. Және сол қартаюдың алғашқы белгілері – әжімдер. Терісі құрғақ, арық адамдарға, әсіресе, мимикалық әжім ерте түседі. «Көп күле берме, бетіңе әжім түседі» дегенді барлық қыз-келіншектер естіген болар. Расымен, мимикалық әжім кейбір адамдарда өте ерте пайда болуы мүмкін. Ол үшін 25 немесе 30 жастан асу міндетті емес.
Психологтардың айтуынша, бетке түскен сызық адамның денсаулығы, мінез-құлқы туралы сыр шерте алады екен. Яғни, әжімге қарап отырып, адам мінезін тануға болады. Олай болса, назар салып көрелік.
Маңдайдағы мимикалық әжім
-
Маңдайдағы доғал тәріздес әжімдер адамның ақылды екендігін білдіреді.
-
Үзік-үзік көлдеңен орналасқан әжімдер бір істі аяғына дейін дұрыс жеткізбейтін адамда болады. Оған қоса бұл әжімдер өсекке жақын жандарда да кездесіп жатады.
-
Тігінен орналасқан әжімі бар адам көрсеңіз – мінезі ашық, мейірімді жан екендігіне күмәніңіз болмасын.
-
Екі қастың ортасындағы доғал тәріздес әжімдер – ұялшақ және өз өзіне сенімсіз адамды білдіреді.
-
Кеңсірікке әжім түсуі ісі алға баспай, мазасы кеткен адамға тән болады.
-
Ал жалпақ маңдайлы адамның кеңсірігіндегі әжім оның ақылды, діттеген мақсатына жете алатындығын сипаттайды. Онымен қоса бұл — аналитикалық ойлай алудың, жалпы зияткерліктің белгісі.
-
Кеңсіріктегі қисық сызық орынсыз қызғаншақтарда кездесіп жатады.
-
Алайда, мінезден бұрын қуығы мен бүйрегі ауыратын адамдарға әжім бірден кеңсірікке түсетінін байқауға болады.
-
Қастың үстінде шетке қарай орналасып, жоғары бағытталған әжім иесіне сенуге болмайды. Кез-келген жерде «жау арасында» тастап кетуі мүмкін.
-
Бірақ қастың үстінде көлдеңен орналасқан әжімі бар адам көрсеңіз, оның адал және сенімді адам екендігін біле жүріңіз.
Көз айналасындағы мимикалық әжімдер
-
Көз қиығында орналасқан әжімдер есте сақтау қабілетінің жоғары екендігін және зейін ұшқырлығын білдереді.
-
Олардың бағытталуына байланысты екі адам типін анықтауға болады. Егер әжім жоғары бағытталса, оның иесі — көңілді жайсаң мінезді, төмен бағытталса – сенімсіз, пессемист, мазасыз болғаны.
-
Денсаулық тарапынан қарайтын болсақ, көз қиығында орналасқан әжімдер өт пен асқазанның бұзылуы жайында белгі беруі мүмкін. Оған қоса, көзі нашар көретін адамдарда бұл жерге әжім көзін сығырайта бергеннен түсуі мүмкін.
-
Көз астындағы ұсақ мимикалық әжімдер таң қала беруден шаршамайтын аданың белгісі.
-
Олар тым көп болған жағдайда адамның ағзасында дәрумендер жетіспейтіндігін және ұйқысыздық мазалайтынын аңғару қиын емес.
-
Ұсақ детальдарға дейін назар аударатын адамдардың көз айналасында доғал тәріздес әжім пайда болады.
-
Қас пен көздің арасындағы әжімдер жүректі дәрігерге қарату қажеттелігін білдіреді.
Ауыз манайында орналасқан әжімдер
-
Ерінге жақын жоғары бағытталған мимикалық әжімдер адамның позитивті, әрдайым көңілі көтеріңкі екендігін білдіреді. Ал төмен бағытталған әжімдер – ортаға, өзіне көңілі толмайтын, пессимистік көзқарас иесіне тән.
-
Өздерін жалғыз сезінетін, ұяң, кез-келген ортада ашылуы қиын жандарда ауыз маңайына әжім тез түседі.
-
Ал мұрын мен ерінді жалғастырып түсетін әжім өмірде көп қиындық көрген, көңілі қалған адамдарда болады.
-
Жоғары ерін үстіндегі тігінен орналасқан әжімдер гармоналдық ақаудың барын немесе гинекологқа көріну керектігін аңғартады.
Дереккөз: arular.