Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда 400 сергек орнатылады

Jan 5, 2025 - 17:50
 4
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда 400 сергек орнатылады

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде жол – көлік оқиғалары мен жарақат алу фактілері азайған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мегаполисте жол-көлік оқиғаларын алдын-алу және азайту мақсатында «Жол қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйе іске қосылды. Сондай-ақ, 108 бекет жұмыс істейді. Жыл соңына дейін 400 «Сергек» орнатылады. Осылайша, қаланың барлық қиылыстары бейнебақылау жүйелерімен жабдықталатын болады, бұл жазатайым оқиғалардың санын 30%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Қалада 1 800 жол қиылысы бар», - деп хабарлады полициядан. 

Қаланың қауіпті учаскелерінде жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында полиция көліктері мен жолдан өтіп бара жатқан балалардың макеті қойылған.