Мемлекет басшысы Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады

Jan 6, 2025 - 12:40
 4
Мемлекет басшысы Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады

27 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің шақыруымен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли  Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Келіссөздер барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылайды және кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда, - деп жазды ол.

28 қарашада мемлекет басшысы Бішкек қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

Іс-шаралардың күн тәртібінде Ұйым жұмысы аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты көптеген мәселелер қарастырылып, ҰҚШҰ-ның биыл атқарған жұмыстары бойынша басым бағыттардың жүзеге асырылуы қорытындыланады деп жоспарланған.