Кәрім Мәсімов президент Тоқаевтан кешірім сұрады

Jan 8, 2025 - 18:05
 1
Кәрім Мәсімов президент Тоқаевтан кешірім сұрады

Кәрім Мәсімов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім жасау туралы өтініш білдірді. 

Қазіргі таңда Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр.

"Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады", – деп хабарлады ҰҚК.