Күміс ыдыстарды тазалау жолдары

Dec 31, 2024 - 07:05
 3
Күміс ыдыстарды тазалау жолдары

Шайдың бояуы сіңген, қарайған күміс ыдыстарды қалай тазалау керектігін білмейсіз бе? Онда төмендегі кеңеске қараңыз. Тазалау жолы оп-оңай, ал нәтижесі көңіліңізден шығады. Ыдыстарыңыз жаңа сатып алғандай жылтырайтын болады.

Ол үшін:

  • қайнаған ыстық су;

  • алюминді фольга;

  • тұз керек.

Шұңғылдау ыдыстың ішін қабырғаларынан асырып (суреттегідей) фольгамен қаптаңыз. Ішіне күміс ыдыстарыңызды салыңыз. Ыстық су құйып, тұз себіңіз. Тұзды суда жарты сағат тұрған ыдыстарыңызды шайып алыңыз.

Дайындаған: Құрпалай Мұратқызы

Дереккөз : anabol.kz