Хрущев жүгеріні Америкадан «ұрлаған»

Jan 19, 2025 - 19:46
 5
Хрущев жүгеріні Америкадан «ұрлаған»

1959 жылы Никита  Хрущев АҚШ-қа іс-сапармен барады. Хрущевқа дейін Америкаға Кеңес үкіметінің ешқандай президенті аяқ баспаған екен. Сондықтан болар бұл сапар туралы газет беттері жарыса жазып жатты. Екі жақты кездесуге 2 500 тілшілер қатысқан. Бұл сол кезде  рекордтық көрсеткіш болып саналды. 

Бірқатар зауыт-фабрикаларды аралған басшы сонда сиырлардың негізгі азығы жүгері екенін байқайды. Еліне оралған президент  жаппай жүгері егуге бұйрық береді. Осылайша жүгері КСРО-ның басты дақылына айналды. Хрущев америкалықтардан жүгері егуді ғана үйреніп келген жоқ. Сол жылдардан бастап елде сосиска мен котлеттер сатыла бастады.