Хоккейшілердің осал жері – тісі

Jan 19, 2025 - 22:36
 4
Хоккейшілердің осал жері – тісі

Людовик ХІ кезінде елге беделді адамдар тек сұйық тамақ ішкен деседі. Өйткені, олардың пайымдауынша, тамақты көп шайнау бетке әжім түсіреді. Ал американдықтар тамақтан бас тартқанды ұнатпайды. Керісінше тағамды жақсы шайнау үшін тістеріне көбірек көңіл бөледі. 

Тістің алтын қаптамасын дайындау үшін бір ғана америкалық тіс дәрігерлері жыл сайын 13 тоннаға жуық алтын жұмсайды екен. 1000 градуске дейін төзе алатын тістің өзі кейде жарамай түсіп қалып жатады немесе стоматологтар жұлуға мәжбүр болады. Ал сіз білесіз бе, АҚШ-тың Вермонт штатының заңдарына сәйкес, әйел адам тіс протезін тек жолдасының жазбаша рұқсатынан кейін кие алады. Статистикалық мәлімет бойынша әйелдерден бөлек тіс протезін хоккейшілер көп салдыртады екен. Мұның себебі кәсіпқой хоккейшілердің 68 пайызы мұз айдынында кем дегенде бір тісінен айрылады.