Келесі жылы 25 мәдени нысан салынады

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенова қала әкіміне салада 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндады. 

Dec 25, 2024 - 13:10
 0
Келесі жылы 25 мәдени нысан салынады

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенова қала әкіміне салада 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндады. 

Басқармаға қарасты 20 мекеме бар. Қала әкімінің тапсырмасы негізінде мәдениет саласының 2021-2025 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы әзірленген. Бұл бағыттар жоғары білікті кадрлар даярлауға және дарынды жастарды қолдауға ықпал ететіні көзделген. 

Биыл қалада 10 кітапхананы қайта жаңғырту жоспарланып, бүгінге дейін 6 кітапхана қайта жасақталды. Қалған 4 кітапхана Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі.

Шаһардың мәдени нысандарын көбейту мақсатында қаладағы 4 ауданға талдау жасалып,  25 нүктеге мәдени нысан қажеттігі анықталған. Оның 16-сы Community Center болса, 9-ы мәдениет үйі. Нысандарды салу жұмысы келер жылға жоспарланған. 

Осы жылы «Шым қала» тарихи-мәдени кешені» құрылған болатын. Музейлендірудің І кезеңі аяқталып,  2 музей, 8 зал, 2 көрме мұнарасы жасақталды. Қазір ІІ кезеңіне сәйкес, тұрғын үй мен зынданда қажетті жұмыстар атқарылуда.

Бүгінде Қызылжар мәдениет үйі мен Ақжар мәдениет үйлері күрделі жөндеу жүргізілуде, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.