«Келес ауданы Қошқарата ауылдық округ әкімінің аппараты»
«Келес ауданы Қошқарата ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтар.
31.07.2024 жылы «Келес ауданы Қошқарата ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде мекеме тарапынан жалпы 11000,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: 27.06.2023 жылы № 23-164 төлем құжатымен 7000,0 мың теңге аударылғанда мердігер «Нұр-Қамқор мүгедектер» қоғамдық бірлестігі тарапынан орындалған жұмыс көлемдері туралы ф№2 актісі мен ф№3 анықтама актісі тапсырылмаған. Сондай-ақ, 28.07.2023 жылғы орындалған жұмыстар актісі жоба сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыс көлемдеріне сәйкестендірілмеген, немесе орындалған жұмыс көлемдері туралы ф№2 актісі мен ф№3 анықтама актісі 11000,0 мың теңгеге тапсырылмаған.
Н.Копбосынов,
Бас маман мемлекеттік аудитор