Катар елі туралы деректер

Jan 18, 2025 - 23:25
 4
Катар елі туралы деректер

Катар - әлемнің ең бай елдерінің бірі. Жергілікті халық жұмыс істемейді, ал салықты тек жеке компаниялар төлейді. 

  • Жиырма жыл бұрын Катарды дәл қазіргідей болып өзгереді деп ешкім ойламаса керек. Жағалау жағалай салынған жалғыз архитектуралық игілік Гранд Шератон болатын. Бүгінгі күні ол сәнді қонақ үйіне арналған.

  • Жансыз шөлді дала қазірде адам танымастай өзгеріп шулы мегополиске айналған. Шөл орнында қала астанасы Доха пайда болды. 

  • Катар мемлекеті Араб түбегінің шығыс бөлігінде орналасқан және үш жағынан Парсы шығанағының сулары қоршаған елі. 

  • Оңтүстік Катар Сауд Арабиясымен және Біріккен Араб Әмірліктерімен шектеседі. 

  • Солтүстік-батыста Бахрейн Корольдігімен теңіз шекарасы бар, ал оңтүстік-шығыста БАӘ-мен шектеседі.

  •  Мемлекет аумағы 11 586 км2. 

  • Катар Астанасы – Доха.

  • Шамамен 11,5 мың шаршы километр аумақты алатын Катарда шамамен екі миллион адам тұрады.

  • Катар өзінің байлығы үшін қз аумағынан табылған мұнайға қарыздар.

  • Жергілікті валюта Катар риалы деп аталады. 

  • Катар аумағының басым бөлігі - бедеулік шөл. Елге тұщы су жетіспейді, сондықтан қатарлар арнайы теңіз суын тұщылайды.

  • Өз тарихында Катар Бахрейн, Португалия, Осман империясы және Ұлыбритания қол астында болып үлгерген.

  • Катар билеушісі эмир және эмирмен ешкімсөз таластырмайды. Катар - абсолютті монархияның жарқын үлгісі, яғни қазіргі таңда сирек кездесетін басқару формасы дәл осы елде.

  • Катардың мемлекеттік тілі — араб тілі, бірақ бұл ел халқының 40% -ы ғана арабтар болып табылады.

  • Бір кездері жергілікті тұрғындардың негізгі кәсібі - інжу өндіру болды.

  • Катардың азаматтығын шетелдіктер ешқандай жолмен ала алмайды.

  • Барлық Катар жастары кем дегенде екі тілде, араб және ағылшын тілдерінде сөйлейді.

  • Катардағы алкогольге ресми түрде тыйым салынған.

  • Катарда қоғамдық көлік жоқ, есесіне бензин өте арзан.