Көлгінов те отставкіге арыз жазуы мүмкін

Jan 6, 2025 - 15:30
 2

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловтың (суретте)  пара алды деген күдікке ілінгенін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері растады.

Әкімнің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желі арқылы тарлған болатын.

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Байқоңыр ауданы әкімінің пара алу фактісіне қатысты ұсталғанын растайды. Ол жеке компания өкілінен iPhone ұялы телефонының соңғы нұсқасын пара ретінде алды деген күдікке ілінді, - деді тілшілердің сауалына орай жауап берген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тергеу комитетінің бас тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Асқар Есілов Байқоңыр ауданының әкімі қызметіне былтыр сәуірде тағайындалған болатын.

Егер аудан әкімінің қылмысы дәлелденсе, үкім күшіне енген соң Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов президентке отставкіге кету жөнінде арыз жазуы тиіс. Былтыр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларға енгізілген өзгерістер осыны талап етеді.