Еңбек демалысына кеткен кезде уақытша міндетін атқарушыға еңбекақы төлене ме?

Jan 4, 2025 - 02:51
 1
Еңбек демалысына кеткен кезде уақытша міндетін атқарушыға еңбекақы төлене ме?

Сұрақ: Мектеп директоры кезекті еңбек демалысына кеткен кезде немесе білім жетілдіру курсына кеткенде аудандық білім беру бөлімінің басшысының бұйрығы бойынша уақытша міндетін атқарушыға еңбекақы төлене ме?

Жауап: Иә, заң бойынша өз қызметімен қатар жұмыста уақытша жоқ қызметкердің лауазымын атқару үшін қосымша ақы төленуі тиіс. Мұндай қосымша ақының мөлшері тараптардың өзара келісімі бойынша беріледі.