«Ертіс орманының» басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Jan 8, 2025 - 15:54
 1
«Ертіс орманының» басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлағандай Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен орман шаруашылығын қорғау саласындағы жүйелі жемқорлықты анықтау шеңберінде "Ертіс Орманы" Мемлекеттік орман табиғи резерватының (бұдан әрі – Резерват) басшысы тарапынан пара алу фактілерін анықтады.

Ол кәсіпкерлерге іскерлік орманды заңсыз кескені және сатқаны үшін пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында тергеу сотының санкциясымен Резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сонымен қатар, Резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің карточкалық шоттарына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған.