Еліміздің қазба байлығы сарқылуда

Jan 6, 2025 - 23:27
 4
Еліміздің қазба байлығы сарқылуда

Елімізде 10-15 жылдан кейін кейбір қаза байлықтардың ізі де табылмауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Телеарнаның мәліметінше, жалпы республика бойынша бүгінде 8 мыңнан аса кен орны бар.

Елімізде тау-кен өндірісін дамытуға жыл сайын 6-7 млрд теңге қарастырылады екен. Бірақ вице-министр Санжар Жәркешов бұл ақша осы саланың дамуына мүлдем жеткіліксіз дейді. 

"Ашып айтқанда жылына 6-7 миллиард теңге геология саласына бөлінеді. Өте аз қаржы. Біздің ауқымды жұмысқа бұл ақшамен белгілі бір жетістікке жету, жаңа өндіріс орындарын ашу өте қиын", - дейді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жәркешов.

Қазірдің өзінде, телеарнаның мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында жабылған өндіріс ошақтары кездеседі. Кей аймақтарды тек инвесторлар сақтап тұр дейді геолог мамандар.