Елімізде ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті енгізіледі

Jan 8, 2025 - 00:19
 1
Елімізде ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті енгізіледі

Сенаттың жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова бірлескен, яғни ерлі-зайыпты зейнетақы аннуитетін де түсіндіріп өтті.

"Бірлескен аннуитет ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік береді. Егер ерлі-зайыптылардың бірінде зейнетақы жинағы жетпей, ал екіншісінде артық болса, олар зейнетақы жинақтарын бірге қосып, зейнетақы аннуитетін сатып алады", - деп толықтырды ол.

Сонымен бірге төлемдерді өмір бойы алуға мүмкіндік алады.