Эбола безгегі жайлы не білеміз?
Эбола вирусынан туындайтын вирусты тез таралатын жұқпалы дерт. Клиникалық жағдайлардың 50-90%-ы өлімге алып келетіндігінен оның өте қауіптілігін аңғаруға болады.
Вирустың таралу жолдары:
-
инфекцияға ұшыраған адамның қанымен, және ол адамның бойынан бөлінген басқа да сұйықтықтармен тікелей байланысы;
-
осы дерттен қайтыс болған адамның денесімен тікелей байланысы;
-
ауру жануарлармен байланысы;
-
медицина қызметкерлерінің инфекцияны бақылау және күресу шараларын дұрыс жүргізбеуі.
Эбола безгегінің белгілері:
-
дене қызуының көтерілуі;
-
жалпы әлсіздік;
-
бұлшық еттердің ауруы;
-
бас ауруы;
-
тамақ ауруы;
-
жүрек айнуы;
-
диарея;
-
бөртпе;
-
бүйрек қызметінің бұзылуы;
-
бауыр қызметінің бұзылуы.
Инкубациялық кезең 2 күннен 21 күн аралығын қамтиды.
Дайындаған: Амангүл Ермекқызы
Дереккөз : anabol.kz