Енемнен өлердей қорқамын

Oinet.kz 01-10-2024 1000

Тұрмыстамын, 1 балам бар. Тұрмыс құрғанымызға жақында 2 жыл болады. Енем келін болып түскен күннен бастап тыныштық бермейді. Жалғыз ұл болған соң баласын қызғанады. 

Screenshot_3.jpg

(фото ашық дереккөзден алынды, материалға қатысы жоқ)

Әңгімемізге араласып, біздімүлде жалғыз қалдырмайды. Біздің бөлеміздің есігі жоқ. Біздің бөлмемізден кейінгі бөлмеге әдейі қайын сіңлімді жатқызып қойды. Арасында өзі де интернетті сылтауратып жатып алады. Келін болып түскеннен бері "қайыршы", "шарамик", "бейшара" дейтін неше түрлі өмірімде естімеген сөздерді естідім. "Өлтіріп қоямын", "қолым тиеді" деп қорқытады. Кеше ренжіп үйіме кетіп қалдым. Шаршадым.

Енді қайта-қайта кешірім сұрап келіп жатыр. "Мені дуалапты, саған тиіссін деп",- дейді енем. Не істесем болады? Қайта баруға қорқамын. Бармайын десем, күйеуімді қимаймын. Ақыл-кеңестеріңіз керек. 

Күйеуім өзінің інілерінен қызғанып ұрады
Кезінде қызға қиянат жасаған жігітке тұрмысқа шыққаным дұрыс па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу