Шөлмектегі суды сату қалай пайда болды?

су.jpg

Шөлмектегі суды сату қалай пайда болды ?

 Бостонда 1760-ші жылдары  бөтелкедегі су саудасы бойынша алғашқы ресми бизнес ашылды. «Jackson ' s Spa»  деп аталатын компания шөлмектерге минералды суды құйып, оны емдік мақсатта пайдалану үшін сатқан.

Бұл бизнес  XX ғасырға дейін көптеген елдерддің нарығында жоғары табыстың көзі болды.  Сол кезеңде су құбыры суын хлорлау технологиясы барлық жерде тарады.

Адамар әрбір  үйде таза және тегін ауыз су пайда болғандықтан, бөтелкедегі суды сатып алуды тоқтатты. Нарықта емдік мақсатта қолданылатындықтан  минералды көздерден алынған су қалды.

Француз дәрігері Луи Перье 1898 жылы Вереж қаласында клиника ашып, Еуропаның үздік мейрамханалары мен отельдеріне жергілікті минералды су көзін жеткізуді жолға қойды.

Бұл бизнестің шығыны салыстырмалы түрде көп  болғандықтан, кәсіпорын құрдымға кетудің аз алдында еді. Талантты кәсіпкер Густав Левен  1946 жылы компанияны сатып алды.  Компания аз уақыттың ішінде Француз нарығын жаулап алды. Perrier бренді 1970-ші жылы дүниежүзілік сауда  нарығында көш бастап, Америкаға экспортталды. Левен судың жарнамасын керемет жасау арқылы нарықты жаулады. Бастапқыда 1975 жылы 2,5 миллион шөлмек су тасымалданса , 1978 жылы 76 миллион шөлмек  су тасымалданды.

Левенге салауатты өмір салтын ұстанудың сәнге айналғаны көмектесті. Алкогольсіз сусындар индустриясының нарқына  1990 жылы: Pepsi -Aquafina, Coca-Cola — Dasani,  Nestle — Pure Life алыптар келді. Жоғары маркетингтік бюджеттер бөтелкедегі судың  қарапайым ауыз судан ерекшелігіне адамдарды сендіруге көмектесті. Beverage Marketing Corporation бағалауы бойынша, қазір әлемде жыл сайын 460 миллиард литрден астам бөтелкедегі су сатылады. Бірінші орында-Қытай (шамамен 80 миллиард), екінші орында — АҚШ (45 миллиард). Содан кейін ауыз су тапшылығы бар жоғары температура жайлаған мемлекеттер: Мексика, Индонезия, Бразилия, Үндістан, Таиланд секілді мемлекеттерде сатылым жоғары.

Судың жоғары сатылымға ие 10  елінің тізімін  еуропалық  Германия (12 миллиард),  Италия (11 миллиард) және Франция (тоғыз миллиард) мемлекеттері толықтырады. Су құбыры бар болғанымен  орташа  есепте жылына әр итальяндық-190 литр  суды,  әр неміс — 150литр, әр француз -145литр қаптамадағы суды тұтынады.

Ал шөлмектегі су құбыр суынан 2000 есе қымбат. Сонымен қатар, көптеген елдерде сүт, сыра және тіпті бензин минералды судан  арзан. Мәселен, Food and Water Watch қоғамдық ұйымының мәліметтері бойынша,  АҚШ — та бір литр бөтелкедегі су  сүттен 3 есе, бензиннен 4 есе қымбат.

су бизнесі.jpg

Бөтелкедегі суды сатудағы қулық.

Барлық дамыған елдерде бөтелкедегі суды сатып алудың басты себебі-ол таза, экологиялық және құбыр суына  қарағанда пайдалы. Бұл пікір көптеген жарнамалық роликтердің көмегімен тұтынушылардың сана-сезіміне белсенді енгізілген. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Америкалық Environmental Working Group зерттеушілері: бөтелкедегі суды өндірушілердің жартысы бұл "қосымша тазартудан өткен" құбыр суы екенін мойындайды.

Бөтелкедегі су өндірушілерінің 18 %  минералды су көздерін қолданатынын мәлімдеген.  Көп жағдайда шөлмектегі су құбыр суынан  жақсы емес. Барлық дамыған елдерде су құбыры суы тазалық пен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.

Оның үстіне, оның сапасы мемлекет тарапынан дүкендерде сатылатын өнімнен әлдеқайда қатаң бақыланады. Сондықтан ауыз судағы зиянды қоспаларға қатысты дау туындағанда химикат бөтелкедегі судан табылғандығы анықталады.

Мысалы, сәуір айының ортасында Consumer Reports американдық тұтынушылық журналы су өндіруші жетекші брендтер — Starkey (Whole Foods тиесілі), Peñafiel (Keurig Dr. Pepper), Crystal Geyser Alpine Spring Water, Volvic (Danone), сондай — ақ Crystal Creamery және Eartho өнімдерінен рұқсат етілген деңгейден асатын мөлшерде улы мышьяк табылғанын мәлімдеген.

Өндіруші мінсіз таза суды құйса да, уақыт өте келе  бөтелке жасалған пластик  жылы температурада химикат бөледі. Соның салдарынан қаптамадағы су ластанған.

Жалған ақпаратқа сенбеңіз!

Шөлмектегі су құбыр суынан дәмді деген ақпарат негізсіз. Вермонт университетінде жүргізілген зерттеуде дегустаторлардың үштен бірі ғана бөтелкеден су құбыры суын дәміне қарай ажырата алды.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кәсіпкерлік жоба: Күн энергиялы терезе
  • АҚШ доллары құлдырайды
  • Элитаның опасыздығы... Байлық үшін сұлтандар ұлтанға айналады
  • Ақшаны қалай аз жаратуға болады?
  • Кәсіпкерлік жоба: Электронды фоторамка