«Ақылды автотұрақ» - Байбектің бизнесі ме?

Oinet.kz 24-02-2019 2340

pravil-parkovki.jpg

Біраздан бері  ел ішінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке қатысты әрқилы сыбыс тарап жүр. Солардың бірі – еліміздің ең ірі мегаполисіндегі көлік тұрақтарына Байбектің иелік ете бастауы екен. Несі бар, бұл да бизнестің мықты түрі. Оңтүстік астанадағы көлік нөпірі мен автотұрақтың тапшылығын ескерсеңіз, мұндай  бизнес – оңай олжа көзіне айналары анық. Біраз уақыттан бері Алматы қаласының басшылығы автотұрақтарға қатысты жаңа сервисті енгізу бойынша жұмыстарды қолға алды. Білгіштердің айтуынша, бұл жоба аясында  Байбектің белгілі бір мүддесі де бар көрінеді. Әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы «ақылды автотұрақтар» жобасын жүзеге асырып жатқан Aparking компаниясының бір үлесі Байбектің отбасына тиесілі деген ақпарат тарай бастады.

Дегенмен, жыл басынан бергі атқарылған жұмыстары бойынша жуырда брифинг берген Бауыржан Байбек осы мәселені айналып өте алмай, қаладағы көлік тұрақтарына оның отбасы мүшелері иелік етеді деген қауесетті жоққа шығаруға тырысты. 

- Әлдекімдер менің отбасым тұрақтарға иелік етеді деген өсек таратты. Меніңше, мұны заңды жұмыс істегісі келмейтіндер, лай судан балық аулауды қалайтындар шығарып жүр. Осы арқылы біреулердің әкімдікке қысым көрсетуге үміттенетіндігі, онсыз да күрделі болғанымен аса қажетті көлік реформасын жүргіздірмеуді қалайтындығы анық, — деп мәлімдеген қала әкімі мегаполистің орталық аймағынан көлік нөпірін мейлінше ығыстыру қажеттігіне де тоқталды. Себебі, алып шаһардың экологиялық ахуалы жыл өткен сайын нашарлап барады.

«Бүгінде қаланың атмосферасына тасталатын қалдықтардың 70 пайызы көліктен бөлінеді. Яғни, әкім ретінде мен 10 шараның 7-еуін көлікке бағыттаймын. Себебі зиянды қалдықтардың 70 пайызы соларға тиесілі. Бұл экологияға, балаларымыздың, ата-аналарымыздың денсаулығына қатысты мәселелер», — деді Б.Байбек. 

Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, Байбектің отбасылық бизнесі бүгінде тасы өрге домалап тұрған құрылыммен ерекшеленеді. Атап айтқанда, оның 77 жастағы әкесі Қыдырғали Мұқаметәмірұлы бірнеше компанияның құрылтайшысы екен. Атап айтқанда, «Нұр Тау», «Нұрлы Орда» секілді бизнес орталықтар соның меншігі болып табылады. Бұл кісінің атына бұдан да басқа екі компания тіркеліпті.  Яғни, автотұрақсыз-ақ Байбектің бизнес-империясы  гүлдену үстінде.  

Ит жылы. Қазақстан. Басты оқиғалар қандай?
Сайлауда 90 пайыз дауыс алған ешкім жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу