Айнұр Тұрсынбаева "хиджаптағы сексологпен" тренинг өткізбекші

88534A0A-945C-48EA-947B-6C66F06F436E.jpeg

Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева бұдан былай қыз-келіншектермен интимдік тақырыпта ашық сөйлеседі. Ол белгілі сексологпен бірігіп, тренинг өткізбекші. Онда әйелдің сексуалды өміріндегі ең негізгі түсініктері мен техникалары үйретіледі екен.

Бұл туралы Айнұр Тұрсынбаева өзінің желідегі парақшасында жазған. Тренингті Ақтауда өткізетіндерін айтып, ол жерде интимді гиманстиканың кеңінен талқылайтындарын атап көрсеткен.

«Белгілі сексолог Алина Шадинова екеуміз қыркүйек айының 27 күні Ақтау қаласына бара жатырмыз. Құрметтілерім, әйелге аса қажетті, аса маңызды, жан-жақты, тақырыптарды толыққанды қамтитын боламыз! Сіздермен әйел энергетикасын көтеру жөнінде, әйел эмоциясын тежеу жөнінде,әйелдің ойын, түпсанасын басқару жөнінде және көптеген техникалармен бөлісетін боламыз. Сүйікті әйел болуларыңызды және жатырды көтеру, түтікшелерді ашу, спайкалардан айырылу техникаларын үйренесіздер...Интимді гимнастиканы кеңінен талқылап айтамыз. Бұл тренингте әйелдің денсаулығы мен сексуалды өміріндегі ең негізгі, фундамент болар түсініктер мен техникалар беріледі. Осы сабақтарды меңгеріп алған келіншектерге курстың эффектісі тіпті күшті болатыны сөзсіз. Айту бізден, үйрену Сіздерден болсын!», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева өз Instagram-парақшасында.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қарасу арнасы күл-қоқыстан тазартылды
  • Алматыда жеті азамат жарылыс ұйымдастырмақ болған
  • Сауд Арабиясы ханшайымы сотталды
  • Кезінде жарнамасы жер жарған Қайрат Нұртастың киім дүкені қазір қайда?
  • Балаға қол көтергені үшін балабақша тәрбиешісі айыппұл төлейтін болды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика