Алматыда мектеп асханасында оқушыларға қалдық тамақ берілетіні туралы айтқан мұғалім сотталды

Oinet.kz 06-05-2025 145

Алматыда № 67 мектепте асханада балаларға тамақ қалдығын беретіні туралы хабарлаған мұғалім сотталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

2025 жылдың қаңтарында әлеуметтік желілерде № 67 Алматы мектебінің балалары асханада қалдықтармен қалай тамақтандырылғаны туралы видео пайда болды. Мұнда тамақ қалдықтарын оқушыларға қайта ұсынғаны айтылған. 

Комиссия құқық бұзушылықты тауып, тамақты жеткізушілерді жұмыстан шығарған. Ал директорға сөгіс берілді. Алайда осы мәселені көтерген мұғалім керісінше сотқа тартылды. 

"Рай-Ка" жеткізуші компаниясы Сәуле Сейдахметованы шындыққа жанаспайтын және іскерлік беделге нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін айыптады. 2025 жылғы 5 мамырда Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты компанияның талабын толық қанағаттандырды. Сот мұғалімді:

▪️"Рай-Ка "ЖШС-нің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді қамтитын" барлық аккаунттардан орналастырылған роликтерді жоюға;

▪️ теріске шығарып, видео жариялауға және "Рай-Ка" ЖШС-нен көпшілік алдында кешірім сұрауға;

▪️ ️ "Рай-Ка" ЖШС-не сот шығындары мен 550 мың теңге мөлшерінде өтем төлеуге міндеттеді.

Ал компанияның адвокаттары Сейдахметованың компания беделін қалай жамандағанына жауап бере алмады. Сотта ЖШС басшысы Райгүл Сыпатаева да, № 67 мектеп директоры Айнұр Жүнісбекова да болған жоқ. Сонымен қатар, журналистердің өтініші еленбей, сотқа жіберілмеген. Ал судя небәрі 15 минутты шешім шығарған.

«Әйелдің қатты бақырып жатқан дауысын естідім»: Шерзат сотында куәгер сұмдық дерек айтты
«Нүкенова өз тағдырына өзі кінәлі»: Бишімбаевтың қарындасы ағасын жақтап, желіде мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу