Солтүстік Қазақстанда адам өлтірді деп айыпталған жасөспірімдерге үкім шықты

Oinet.kz 08-11-2024 41

Солтүстік Қазақстанда кісі өлтірді деп айыпталып, кейін ақталып шыққан екі жасөспірім ақыры сотталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Screenshot_3.jpg

Маусым майында алқабилер ақтап шыққан жасөспірімдердің ісі қайта қаралды. Нәтижесінде облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыларға үкім шығарды. 

Сот отырысы алқабилердің қатысуымен жабық режимде өтті. Мемлекеттік айыптаушы қылмыс жасады деп айыпталған қос азаматты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот үкіміне сәйкес, Максим Ивановский мен Евгений Баширов кінәлі деп танылып, олар 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Баширов жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді. Ал Ивановский кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне аттанады.

"Сот айыпталушылардың жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде олардың қылмыс жасаған кезде кәмелет жасқа толмағанын ескерді. Ал Ивановский мен Башировқа қатысты ауырлататын мән-жайлар көрсетілмеген және сотпен анықталмаған", – деп мәлімдеді облыстық сот. 

Еске салайық, былтыр М.Жұмабаев ауданы Медвежка ауылын екі жасөспірім (қылмыс жасаған уақытта екеуі де кәмелет жасына толмаған) ауыл тұрғынын өз үйінде өлтіріп, оның 150 мың теңгесін ұрлап кеткен. Ал бұған дейін айыпталушылардың бірі әжесі мен досынан 2 млн теңгеден астам ақшасын қолды қылған.

Осылайша, Максим Ивановский мен Евгений Баширов Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлімі, 4-тармағына (Қарақшылық) және Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімі 7-тармағына (Адам өлтіру), сондай-ақ біреуі қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлімі 1,2,3-тармағына (Ұрлық) сәйкес айыпталған еді. Алайда алқабилердің қатысуымен қараған облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алғашқы екі бап бойынша оларды ақтап шықты.

Ал Максим Ивановский бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін ғана екі жылға бас бостандығынан айырылған еді. Мұндай шешіммен келіспеген жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсірді. Сөйтіп 16 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы алқабилердің қатысуымен шешілген ақтау үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі соттың өзге құрамындағы жаңа сот қарауына жолдады.

Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген еңбек мигранттары өздерін Қазақстанда қалдыруды сұрады
Шығыс Қазақстанда тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу