Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Алматы полициясы биыл наурызда "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлікпен бірнеше рет соққан бұрынғы депутаттың ұлына қатысты іс туралы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басқармасы соталды тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды.
"Күдікті бірден қамауға алынды. Бұған дейін соталды тергеу мерзімі сот-психиатриялық зерттеу жүргізуге байланысты үзілген болатын. Қазір қайта жанданды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа беріледі", - деді полиция.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы прокуратурасы күдіктінің уақытша психикалық бұзылысы немесе өзге де ауыр сырқаттануына байланысты соталды тергеу мерзімдерін үзу туралы шешім қабылдады.
Еске салайық, былтыр Алматыда ер адам күзетшіні көлікпен әдейі бірнеше рет қағып, басынан тепкені, салдарынан ол қаза тапқан еді.