Музей қызметкерлері "Адамзаттың алыбы - ақын Абай" іс-шарасын өткізді

Screenshot_21.jpg

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастырумен "Адамзаттың алыбы - ақын Абай "атты фото көрме және мәдени іс-шара өтті.

Ұлағатты сөздері ұлттың ұранына айналған қазақ халқының ұлы ақыны, философ, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына  орай өткен шара Түркістан қаласындағы  "Балауса" лагерінде ұйымдастырылды.

Screenshot_22.jpg

Бүлдіршіндер "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі қорында сақталған Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған суреттері мен кітаптарынан жасақталған көрмені тамашалады.

Жиынға қатысқан балалар Құнанбай мен бала Абайдың өмірінен көрініс көрсетіп, ұлы ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Назарбаев Қазақстандағы кішкентай ауылдарды паразитке теңеді
  • Түркістандық ақсақал «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне IX-X ғасырларға тән құмыралар табыстады
  • Кесенедегі құжыраға оюлы ағаш орындықтар қойылды
  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде аудиогид іске қосылды
  • Премьер-министр Қазақстанда азық-түлік бағасының көтеріліп кеткеніне ашуланды