Таразда арнайы білімсіз ота жасап, сотталған косметолог жәбірленушіге түрмеден хабарласып қорқытып ж

Oinet.kz 07-09-2024 701

Таразда арнайы білімі жоқ косметологтан жапа шеккен бір топ қыз-келіншек көмек сұрады. Айтуларынша, ол ауыр отаны интернеттен көріп жасай салған. Қазір сотталып, түрмеде отырса да әлі күнге пациенттеріне хабарласып, қоқан-лоққы көрсетеді екен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Жазира Мұратбекова үш жыл бұрын тері астындағы артық майдан арыламын деп өлім аузынан қалған. Соның салдарынан бет-жүзін бүлдіріп, ұсқынсыз күйге түскен. Мұндай жағдай жалғыз өзінің басынан өтпепті. Ота сәтті шықпай түр-әлпетінде тыртық таңба боп қалған клиенттер көп екен.

Косметологтың кінәсі дәлелденіп, ол 4 жылға бас бостандығынан айрылған. Алайда ол жәбірленушілерге ешқандай өтем төлемесе де түрмеде жатып хабарласып, тыныштық бермейтін көрінеді.

“Күйеуіме әр түрлі желіден жазып жатыр. Екеуіңде адам емессіңдер, жауап бересіңдер дейді. Менің атымнан инстаграм ашып алып жәбірленуші қыздарға жазып жүр. Біз бұл ақпараттың бәрін құзырлы органға апарып бердік. Бірақ қаралмайды ешқайсысы. Оның Whatsup желісі істеп тұр. “Не үшін мазамызды алып жатсың, қоясың ба жоқ па?”деген кезде мені блокка салып тастады. Өзінің сол баяғы ұстап келе жатқан номері істеп тұр”, – деді жәбірленуші Жазира Мұратбекова.

Көшпенділер ойындары: Қауіпсіздікке жауапты сарбаз комаға түсті
Мобильное приложение Мостбет для Android и iOS: полный обзор функций
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу