Оралда құрбандық шалмақ болған 3 адам ауыр жарақат алды

Oinet.kz 18-06-2024 329

Оралда құрбандық шаламыз деп жарақат алған үш адам ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Жергілікті мал соятын жерде газ баллоны жарылған. Салдарынан бас-аяғы 10 адам күйіп қалған. Оның екеуі – кәмелет жасқа толмаған бала. Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Төтеншеліктердің болжамынша, азаматтар бас үйітіп жатқан кезде газ баллоны жарылған болуы мүмкін.

“Үш науқас өте ауыр жағдайда реанимация бөліміне жатқызылды. Біреуі есеңгіреп қалған, өзі демалады, гемодинамикасы тұрақты. Қалған екеуі есін біледі. Сол бірқалыпты, ауыр жағдайда. Жансақтау бөліміне жатқызылған науқастардың көлемі 50-91%-ға жетеді”, – дейді Орал көпбейінді қалалық ауруханасы директорының орынбасары Дияс Жайлаубаев.

«Ата-аналар – қылмыскер емес»: «Салтанат заңына» қарсы петиция шықты
Әйелін ұрып, аяғына пышақ тығып алған: Жаңақорған тұрғыны жанайқайын жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу