Атырауда ер адам бұрынғы сүйіктісін бірнеше рет пышақтап, бауыздаған (видео)

Oinet.kz 17-06-2024 389

Атырауда ер адам подъезде әйелдің шыққанын күтіп, бауыздап кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_10.jpg

Әйел супермаркетте жұмыс істейді екен және кіреберіс арқылы дәретханаға шыққан. Сол жерде оны бұрынғы жігіті аңдып, пышақпен күтіп тұрған екен. Әйел шыққан кезде оған шабуылдап, бірнеше рет пышақ салып, бауыздаған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. 

Атырау облыстық полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді. 

“9 маусымда Атырауда көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 33 жастағы әйел адамды өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде тұрғандығы анықталды”, – деп мәлімдеді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Департамент басқа ақпарат жариялануға жатпайтынын мәлімдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Резерв Страница (@abdulla_kz_kz)

«Балалар көріп, қорқып кетті»: Алматыда белгісіз әйелдің жалаңаш денесі табылды
«Тамағын тіліп, орындыққа жайғасты»: Павлодарда ер адам жеткіншекті қатыгездікпен өлтірді (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу