Енді атышулы «Айка тізімі» бойынша іспен Антикор айналысады

Oinet.kz 02-03-2024 371

Әлеуметтік желіде жарияланған атышулы "Айка тізімі" бойынша іс "Антикорға" берілді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

"Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 423-бабы "Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның пайда болу мән-жайлары, сенімділігі және таралуы, жүргізіліп жатқан тергеу аясында әлеуметтік желілердегі жеке деректерге қатысты ақпарат анықталуда", - делінген ІІМ хабарламасында.

Бұған байланысты Ішкі істер министрлігінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы соңғы процессуалдық шешім қабылданғанға дейін қызметтік тергеуді уақытша тоқтатты.

Еске сала кетсек, былтыр желтоқсанда элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айкаға қатысты деректер интернетке тарап кетті. Онда тізімдегі қыздардың жеке деректері таралып кеткен.

Ақтөбеде учаскелік полицей су басқан аумақтан тұрғындарды арқалап алып шыққан (видео)
«Әкем өте жаман адам»: Бишімбаевтың қызы Салтанатты қатты жақсы көретінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу