Алматыда автобус жол апатына ұшырады: Зардап шеккендер бар

Oinet.kz 05-03-2024 293

Алматыда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылды, жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Ақпаратты Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Оқиға 5 наурызда сағат 6:45-те Сүйінбай даңғылы мен Шолохов көшесі қиылысында болған.

"Жеке тасымалдаушыға тиесілі қоғамдық көліктің жүргізушісі 1966 жылы туған азамат Д., Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, Шолохов көшесімен бұрылыста рульді басқара алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылған. Оқиға салдарынан төрт жолаушы жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді", - деп хабарлады полиция.

Оқиға бойынша Алматы ПД тергеу бөлімі соталды тергеуді бастап, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін бірнеше ғимарат зардап шеккен (видео)
Шетелдік туристі 3 бұзақы зорлап кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу