Алматыда балалардың көзінше шалбарын шешкен ер адам ұсталды (видео)

Oinet.kz 06-12-2023

Алматыда балалардың көзінше шалбарын шешкен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Screenshot_14.jpg

Куәгерлердің айтуынша, Розыбакиев пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында белгісіз біреу балалардың көзінше шалбарын шешкен. Әсіресе ойын алаңындағы қыздардың алдында шалбарын шешуге тырысқан. Тұрғындар ер адамды ұстады.

Олар тәртіп сақшылары келгенше ер адамнан жауап алған. Ол тағылған айыптың бір бөлігін ғана мойындады.

"Балалардың көзінше неге шалбарыңды шештің?! "Ол жерде балалар болған жоқ!" - делінген видеода.

Алматы полиция департаменті өкілдері 27 жастағы күдіктінің ұсталғанын растады. Оның әрекеті ұсақ бұзақылық деп танылып, ол 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

"Бостандық АІІБ-нің полиция бөлімі 1996 жылы туған А. есімді ер адам ұсталды. Оның әрекеттері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша сарапталған", - деді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Телеканал “Телевидение Астана» (@astanatv.kz)

Павлодарда 8-сынып оқушысы жүкті болып қалған: Мектеп мұғалімдеріне қандай жаза берілді?
«Немолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу