Жазира Байырбекова Мемлекет басшысына елде жоқ ерекше ұсыныс жасады

Oinet.kz 28-04-2021 7528

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова Мемлекет басшысына қарттар үйі мен балалар үйін біріктіруді ұсынды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Әншінің жазуынша, қарттар мейірімге сусап жатыр. Оларға мейірімді балалар бере алады.

- Мені көп толғандыратын мәселе:

Еліміздегі балалар үйінің бүлдіршіндері аш емес.Оларға материалдық көмек жасайтындар көп. Бірақ, балаға қарайтындар (нянялар) қаншама мейірімді болғанымен бәріне бірдей керек кезінде махабат бөле алмайтыны үшін жаным ауырады.Адамға,балаға мейірім мен көңіл бөлініп тұрса қара нан мен қара су болса да жетеді емес пе?!

Мен жеке басымның,отбасымның мәселесімен өкіметтен бір нәрсе сұрамадым. Бірақ, Мемлекет басшыларынан Балалар үйі мен қарттар үйін біріктіруді сұрағым келеді.

Мүмкін менің осы жазбам өкімен басшыларының бір мейірімдісінің құлағына жетіп қалар...

Қарттар үйі мен балалар үйін біріктірсе біраз жүректер мейірімге толар еді! Қолдайсыздар ма? - деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға әрқашан қолдау көрсетіп келеді. Жыл басында "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түскен еді. Осыған байланысты мемлекет басшысы:

"...Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау" – деп жазды twitter-дегі парақшасында.

Цой мен экс-министр Елжан Біртановты сотқа шақыру сұралды
«1991 жылы еліміздің халқы үшін жаңа дәуірдің басы болды» - Елбасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу