Жириновский Назарбаевты мақтай отырып, қатаң сынға алды

Screenshot_1.jpg

Ресейдегі либералдық-демократиялық партияның көшбасшысы Владимир Жириновский Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жазып, отставкамен құттықтады деп хабарлайды Комсомольская правда басылымы. 

Хатта партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлын мақтай отырып, Қазақстанда болып жатқан жайттарға байланысты өзінің сыни көзқарасын білдірді: 

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді зейнеткерлікке шығуыңызбен құттықтаймыз. Бұл сізге дұрыстап демалуға, жақын адамдарыңызға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Біз екеуміз жерлеспіз - Қазақстанда және Алматыданбыз. Мен сіз дүниеген келген Қаскелең мен Шамалғанда талай мәрте болдым.

"Алма-Атада" «Көк базар» деген жер есімде, мен де сіз секілді сол жерде жүрдім. Мүмкін балалық шақта сол жерде біз бір-біріміздің қасымыздан өткен шығармыз. Бұл бізді біріктіреді. Осыған байланысты мен сізге үлкен Өтініш айтқым келеді! Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстанда көшелер мен қала атауларын сіздің құрметіңізге орай қойып жатыр. Осыған тоқтау салсаңыз деймін! Тіпті, Mao Цзэдуннің өзі астананың атауын өзгерту туралы ойламады да. Оның айналасында жүргендердің ешқайсысы Пекиннің атын өзгерту мәселесін көтермеді.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз қайтыс болғаннан кейін бәрібір де бұрынғы атаулар қайтарылады, астананың атын қайта өзгертеді. Әлем мұндай жайттармен бірнеше мәрте бетпе-бет ұшырасты. Сондықтан да, өзіңізге алдын-ала Мавзолей қоюға тыйым салыңыз», - дейді Владимир Вольфович. 

Screenshot_19.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысының медициналық мекемелеріне 223 дәрігер маман жетіспейді
  • Қорғаныс министрі Арыстағы әскери жауынгерлердің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты
  • Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
  • Қазақстанда алдағы күндері қар жауады
  • Қарағандыда қасапхана бекеті ашылды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика