Белгілі заңгер: Кредитті уақытша тоқтата тұру керек

Oinet.kz 13-03-2020 7856

Белгілі заңгер Жангелді Сүлейменов пендемия кезінде Қазақстан тұрғындарына несиені тоқтата тұруды ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фото:elements.envato.com

"Пандемия - бұл форс-мажор, яғни бәріне өз міндеттерін тиісті түрде орындауға кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш", - деп есептейді заңгер және үкіметтен тиісті шаралар қабылдауды сұрайды. 

Атап айтқанда, Сулейманов:

  • Пандемия кезеңінде кредиттер бойынша пайыздарды есептеуді және негізгі борышты өтеуді тоқтату;

  • Мерзімі өткен төлемдер бойынша, оның ішінде салықтар бойынша өсімпұл есептеуді тоқтату;

  • Салықтарды және басқа төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру;

  • Егер бұл пандемияға, оның ішінде мемлекеттік сатып алуға байланысты болса, міндеттерді бұзғаны үшін санкцияларды қолданбауды атап өтті.

"Пандемия өтеді, бірақ қазірдің өзінде көптеген компаниялар шығынға ұшырауда, оларға көмектесу керек. Оның үстіне вирус, доллар үшін 400 тг ауыр", - деп жазды ол Facebook бетінде.

Бір қызығы, мұндай заң Италияда енгізілді. Онда ипотекалық төлемдер тоқтатылды. Ал Польшада ел президенті банктерді азаматтар мен фирмалардың несиелерін өтеуді тоқтатуға шақырды.


Бағдат Мусин президенттің кеңесшісі қызметіне келді
Қазақстанда алғашқы коронавирус дерегі тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу