Дәрігерлердің қолын шапқан

Jan 19, 2025 - 21:08
 4
Дәрігерлердің қолын шапқан

Ежелде Вавилонда дәрігерлер науқас өміріне байланысқа қандай да бір қателік жіберген жағдайда оның екі қолын да шабатын заң болған. Сондықтан да болар, бұл елде дәрігерлер жетіспеушілігі орын алады. Тіпті науқастар өзін өзі емдеуге мәжбүр болады. Керек жағдайда науқас қала алаңқайына шығып отырған, ал өткен-кеткен жаяу жүргіншілер оны не мазалайтынын сұрап, білетін ем-домымен бөліскен. Көбінде қара халық не тұрмысы нашар тұрғындар ғана дәрігер қызметін атқарған, ал бай балалары дәрігерлікті аса қауіпті мамандық санаған.