Бүгін Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Jan 6, 2025 - 15:29
 3
Бүгін Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Бүгін Үкімет үйінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

24 қаңтар ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысы сағат 10.30-да басталады. 

Журналистер саны көп. Таңғы 8-ден жиналған БАҚ өкілдері Үкімет мүшелерін күтіп отыр. Мұнда тек президент "пулына" тіркелген журналистер ғана кірді.  

Үкімет үйінің маңында күзет қызметкерлері сақадай сай тұр. 

Күн тәртібіндегі басты мәселе - Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп береді.

Сонымен қатар, іс-шарада мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларын орындау барысы талқыланады.