Басқа киетін жастық

Jan 19, 2025 - 19:20
 3
Басқа киетін жастық

Қазақта үш нәрсе арсыз дейді. Соның бірі ұйқы. Осы қағиданы бізден гөрі еуропалықтар сөзді іс жүзінде кәдеге жаратып жатыр. Kawamura-Ganjavian деп аталатын дизайн студиясы бір сәт мызғып алуға мүмкіндік беретін жастық шығарды. Бұл жастықты кез-келген уақытта, кез-келген жерде басыңызға жастана берсеңіз болады. Мәселен столдың үстінде, көшедегі орындықтарда, пойызда, аэропортта, автобуста. Жастық басыңызды ауыртпайды, өйткені өте жұмсақ материалдардан тігілген және сыртқы у- шуды да ести бермейсіз. Оның үстіне ол сөмкеңізден де көп орынды алмайды.