Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
-
Балалардың адамгершілік қасиеті, отбасының өзіне деген көзқарасына байланысты болады.
-
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу ата – ананың қолында. Себебі ата – анасы өздерін ортада қалай ұстаса бала соған қарай бейімделеді. Кейбір ата – аналар өз балаларына әділдік танытпайды, істеген істерін мазаққа айналдырып, кемсіту арқылы баланың психологиясының бұзылуына әкеп соқтырады.
-
Әрдайым бала ата – анасының назарының өзінде болғанын бірге серуендеп, досы сияқты әңгімелесуді,уақытты бірге өткізуді қалайды.
-
Балаға жақсы мен жаманды айыра білуге, адамгершілікке баулуды үйрете білу керек.
-
Баланы мейрімді етіп тәрбиелеуге, қолындағы ойыншықтарын, тәттілері мен өзге заттарын басқамен бөлісе білуді үйретіп отыру қажет.
-
Ең бастысы баланың бейімін аңғару қажет. Соған сай ата – ана әрекет ете білуі керек екенін түсіну.
-
Ешқашан балаға дауыс көтеріп, қорқытуға болмайды. Әйтпесе бала тұйықталып, ешкіммен араласпай, дөрекі қылықтарын көрсете,өмірге деген көзқарасы өзгеруі мүмкін.
-
Балаңды тәрбиелегің келсе, ең алдымен өзіңді тәрбиеле деген асыл сөзді ұмытпайық.
Дереккөз : anabol.kz