Балабақша тәрбиешілерінің жалақылары көбейе ме? Тоқаев жауап берді
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балабақшалар мен ерекше балаларға арналған мектеп тәрбиешілерінің жалақысын арттыру мәселесін үкіметтің қарастыратынын мәлімдеді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балабақшалар мен ерекше балаларға арналған мектеп тәрбиешілерінің жалақысын арттыру мәселесін үкіметтің қарастыратынын мәлімдеді.
"Менің атыма науқас балаларға арналған балабақшалар мен мектептердің тәрбиешілерінен олардың құқықтарын мұғалімдермен теңестіріп, жалақыларын көбейту жөнінде өтініштер келіп түсуде. Үндеріңіз маған жетті. Келесі жылы Үкімет осы мәселені қарастырады", - деп жазды президент.