Айсұлтан Рахатұлы Иманғали Тасмағамбетовтен кешірім сұрады

Jan 7, 2025 - 13:16
 1
Айсұлтан Рахатұлы Иманғали Тасмағамбетовтен кешірім сұрады

- Құрметті Иманғали Тасмағамбетов, Болат Өтемұратов, Әділбек Жақсыбеков!

Мен сіздерді сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап аттарыңызға кір келтірдім. Менікі жай ғана болжам еді. Сіздерден әйелдеріңізден, және балаларыңыздан, отбасыларыңыздан шын жүректен кешірім сұраймын! Мен мұны қатыгездік, кек алу мақсатында жасадым! Рахат Әлиевтің өлімінен кейін ашушаң болып кеттім! Мен сіздердің араларыңыздағы жұмыстарыңызға араласпауым керек еді, өйткені мен бәрін білмеймін! Мен сіздердің алдарыңызда кішіпейілділікпен басымды иіп, арам пиғылда жасаған іс-әрекеттерім үшін Құдайдан кешірім сұраймын! - деп жазды Айсұлтан Рахатұлы. 

Еске сала кетейік, Айсұлтан осыған дейін өз парақшасында Иманғали Тасмағамбетовты айыптап, оған көптеп кінә артқан болатын. Айсұлтан соңғы кездері нағашы атасының отбасына қатысты көптеген жазбалар қалдырып, белсенділік танытып жүрді. Бірақ, кейіннен бұл жазбаларды Мұхтар Әблязов фейсбукте Айсұлтанның атынан жазып жүргені әшкере болып қалған еді.